7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысында талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шараға ҚР ҰЭМ аппаратының басшысы Данабек Керімрай қатысты. Ол өз сөзінде өткен жылғы 9 айда облыстың ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) 3,1% - ға өсіп, 2,6 трлн.теңгені құрағанын атап өтті.
Өңірде өнеркәсіп өнімін өндірумен 943 кәсіпорын айналысады. Онда 42 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ағымдағы жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп кәсіпорындары 618 млрд. теңге сомасына өнім өндірді. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 7,1% - ға артық.
«Жыл басынан бері ШОБ (шағын және орта бизнес) субъектілерінің саны 15,5% - ға өсіп, 63,7 мыңға жетті. ШОБ субъектілерінің өнім шығару көлемі 2,1 трлн. теңге. Бұл өңірлер бөлінісінде 7-орынға ие болуға мүмкіндік берді», - деді ҰЭМ аппараты басшысы.
2023 жылы Қостанай облысының алдына негізгі капиталға 602,6 млрд. теңге инвестиция тарту міндеті қойылды.
«Өңірге инвестицияларды көбірек тарту үшін кәсіпкерлерге өткізу нарықтарын кеңейтуге тұрақты қолдау көрсету, жоғары технологиялық өндірістерді ашу, өңдеу өнеркәсібін, туризмді және қызмет көрсету секторын дамыту үшін жағдайлар жасау қажет», - деді Д.Керімрай.
Жұмыс сапарының бірінші күні Сенат депутаттары және министрліктер өкілдері облыстың бірқатар инвестициялық және энергетикалық нысандарына барды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?