Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚостанай облысының Әулиекөл ауданында өткен жылы өртенген орманның орнына отырғызылған қарағайлар қурап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Былтыр күзде отқа оранған Әулиекөл ауданында орманның орнына отырғызылған жас қарағайлар осы жазда топырағы кеуіп, өле бастаған. Ағаштар сарғайып, қазір қылқан жапырақтары түсіп жатқанға ұқсайды.
Өткен күзде бұрын өртенген 31,5 гектар орманға 25 мың көшет отырғызу жоспарланғаны хабарланған болады. Орманшылар жас ағаштардың кебуінің себебі неде екенін айта алмай отыр.
Қазір "Республикалық орман селекциялық-тұқым өсіру орталығына" хат дайындап жатырмыз. Қарағайлардың қандай себеппен қурап жатқанын анықтау керек. Стандартты түрде көшеттерді түгендеу күзде жүзеге асырылады”, – деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Рүстем Қаркенов.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?