Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚостанай облысында жол апатынан екі көлік жанып кетті. Екі адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
Бүгін сағат 10.30 шамасында Қостанай-Қарабұтақ автожолдың 275-шақырымында жеңіл автокөлік жүргізушісі рөлге ие бола алмады. Нәтижесінде ол қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Газель» автокөлігімен соқтығысты, содан кейін екі көлік өртеніп кетті. Жеңіл автокөлік жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты. «Газель» жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қамысты аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Мусиннің айтуынша, қазіргі уақытта полиция ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабында көзделген «ЖҚЕ бұзу» сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, қажетті сараптамалар тағайындалады.
Қостанай облысының полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік ережелерін, жол қозғалысын және, әсіресе, жылдамдық тәртібін сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Абай болыңыз, өміріңіз өз қолыңызда!
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?