23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қостанайда зейнеткер 21 млн теңгеден астам шығынға ұшырап, алаяқтық схеманың құрбаны атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйел бұрын жұмыс істеген ұйымның басшысынан арнайы қызмет қызметкерлері жүргізген тексеру туралы хабарламамен қоңырау алды. Кейінірек оған өзін осы қызметтің қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалып, банктен ақпараттың үшінші тұлғаларға таралуын тергеу операциясы жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ол тергеуді жеңілдету үшін қаржылық көмек қажет екенін айтты.
Алаяқтардың қоқан-лоққылары бой алдырып, әйел 21 млн теңгеге жуық сомаға екі банктен несие рәсімдеді. Алаяқтар онымен қайта байланысып, ақшаны курьер арқылы беруді талап еткенде, ол бастапқыда бас тартты. Алайда, ол террористік ұйымды қаржыландырды деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін деп қорқып, зейнеткер ақшаны курьерге тапсырды. Қазіргі уақытта полиция аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде. Қостанай облысының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды және алаяқтардың айла-шарғысына берілмеуді ескертеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік