Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАдамдар көші-қон қызметінің мамандары ұйымдастырған рейдтік іс-шаралар барысында анықталды, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.
Қостанай облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының хабарлауынша, шет мемлекеттің азаматтары еңбек қызметін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті рұқсатынсыз заңсыз жүзеге асырған.
Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Меңдіқара және Ұзынкөл аудандары соттарының шешімдерімен заң бұзушыларды Қазақстаннан шығарып жібере отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға елге 5 жыл мерзімге кіру шектелген. Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған жұмыс беруші де 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Қостанай облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дүтпаев.
Көші-қон және жергілікті полиция қызметінің мамандары соттардың шығарып жіберу туралы шешімін орындауды өз мойнына алды. Тәртіп сақшылары шетел азаматтарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін шығарып салды және полиция қызметкерлерінің бақылауымен олар ел шекарасынан шықты.
Жыл басынан бері Қостанай облысының аумағында әкімшілік және азаматтық іс жүргізу тәртібімен 40-тан астам шетелдік азамат шығарылды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар