Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚостанай облысында Түркістан облысынан келген үш тұрғын үй жағдайында дайындалған тұздалған қиярды тұтынғаннан кейін ботулизм диагнозымен ауруханаға түсті. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үш ер адам үйден әкелген тұздалған қиярды жегеннен кейін Рудный қалалық ауруханасына жатқызылды. Лабораториялық зерттеулер олардың ағзасында жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті у – ботулотоксин бар екенін растады.
Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бұл оқиға соңғы 15 жылда өңірде алғаш рет тіркеліп отыр.
Ботулизм дұрыс дайындалмаған және сақталмаған консервіленген өнімдерді қолданған кезде дамиды. Көбінесе бұл – саңырауқұлақтар, бұршақ дақылдары, шпинат, сондай-ақ тұздалған және кептірілген балық пен ет өнімдері, – деді Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зауре Елшібаева.
Мамандардың айтуынша, уланудың көзі – Түркістан облысынан әкелінген тұздалған қияр банкісі болып табылады. Сондықтан Қостанай облысы тұрғындары арасында ботулизмнің таралу қаупі жоқ.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары