Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚостанай облысында учаскелік полиция 84 жастағы әйелді көлден алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 18 қарашада Әулиекөл ауданында болған. Таңертең 102 телефонына Аманқарағай кентінің тұрғынынан су айдыны жақтан көмек сұрап тұрған қатты дауыстың естілгені туралы қоңырау түсті.
Бұл хабарлама дереу көлге келген учаскелік полиция инспекторы Ғабит Байжановқа берілді. Соққан желдің себебінен ол көмекке шақырған дауысты қатты естімеген. Жағадан өтіп бара жатып, полиция қызметкері дыбыс көлдің ортасынан шығып жатқанын түсініп, бірден киімімен суға секірді, - делінген мәліметте.
Ғабит Байжанов әйелді жағаға сүйреп апарған, оған жақын тұрған ауылдастары көмектесті. Олар бірге кейуананы үйге жеткізіп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер оны ауруханаға жеткізді.
Қарт кісінің көлдің ортасында қалай жеткені анықталып жатыр. Кейінірек дәрігерлер, өкінішке қарай, әйел ауруханада қайтыс болды деп хабарлады.
Оны судан шығарған полиция қызметкері мен ауылдастары соңына дейін бәрі жақсы аяқталады деп үміттенді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар