28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚостанай облысының мамандары мен мемлекеттік органдары халықты қорғау және су тасқыны салдарынан болатын апаттардың алдын алу үшін қажетті су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта Қостанай, Қарасу аудандарында және Қостанай қаласында 161 жеке үй су астында қалып отыр. Карамтомар су қоймасында судың ағуы секундына 2200 текше метрге дейін азайды. Бүгінгі таңда Тобыл өзеніндегі су деңгейі шамамен 40 сантиметрге төмендеді.
Тобыл және Тімтуір өзендерінің бойындағы елді мекендерге ерекше назар аударылады. Облыс орталығына баратын 2 жол әлі де жабық, қозғалыс орталық көпір арқылы жүзеге асырылады.
Құтқарушылардың, ЖАО, мамандандырылған қызметтер мен волонтерлердің күш-жігерінің арқасында шамамен 795 068 мың м3 су сорылып, 86 754 мыңнан астам қап, 7 351 тонна инертті материал төселіп. 9 097 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пункттерінде 759 адам бар, - делінген.
Бұдан бөлек Федоров, Қарасу, Қостанай, Әулиекөл, Сарыкөл және Науырзым аудандарын қоса алғанда, бірнеше өңірде, сондай-ақ Қостанай қаласында еріген қар суын сору және қапшықтарды төсеу жұмыстары жалғасуда. Қалалық, аудандық әкімдіктерде табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген материалдық залалды өтеу туралы өтініштерді қабылдау ұйымдастырылды. Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?