6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚостанай облысында су тасқыны бойынша жағдай тұрақталып келеді. Бұл туралы республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы өңірде су тасқыны кезінде 10 мыңға жуық адам құтқарылды және эвакуацияланды. Соңғы тәулікте аймақта 106 адам құтқарылды. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пункттерінде 181 адам бар.
Қостанай, Арқалық, Амангелді, Жанкелді, Қарасу және Қостанай аудандарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланған.
Бүгінгі таңда аймақ бойынша 51 тұрғын үй мен 66 аула аумағы су астында қалып отыр. Қаратомар, Жоғарғы Тобыл, Желқуар су қоймаларына ерекше назар аударылуда.
Облыстық жедел штаб тәулік бойы режимде жұмыс істейді, үздіксіз мониторинг жүргізілуде. Жанкелді ауданының Тауш ауылында автожолдың шайылған бөлігінде Қостанай облысы ТЖД тобы жұмыс істейді. Құтқарушылар өткелді бақылайды және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, - деді Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары Өміржан Тукүшев.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі