23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚостанай облысы Бейімбет Майлин ауданына қарасты Нагорное ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға орнына өрт сөндіру есептоптары шұғыл жіберіліп, 30 шақырымнан астам жолды еңсеріп жеткенде, үйдің отқа толық оранғаны анықталды. Дегенмен, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жұмыс істеп тұрған Береговое ауылдық өрт сөндіру пунктінің мамандары дер кезінде әрекет етіп, жалынның басқа ғимараттарға таралуына тосқауыл қойып үлгерді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өз өмірлерін қатерге тіге отырып, жанып жатқан үйдің ішінен төрт газ баллонын шығарып үлгерді. Бұл олардың жарылып кетуінен сақтап, ауыл тұрғындары үшін ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді.
Оқиғаның себеп салдары анықталып жатыр. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында ауылда үлкен апаттың алдын алу мүмкін болды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады