23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қостанай облысында полицейлер аязда жолда қалған 100-ден астам шетелдік азаматқа көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, 22 ақпанда Қарабалық кентінің маңындағы республикалық маңызы бар М-36 Екатеринбург – Алматы автожолында техникалық ақаулыққа байланысты екі автобус істен шықты. Автобустардың жанар-жағармайы қатып қалған.
Бірінші Тәжікстан – Екатеринбург бағытындағы автобусының ішінде 55 Тәжікстан азаматы оның ішінде 6 бала болған. Екінші автобуста Шымкент – Челябі бағытында Өзбекстанның 58 азаматы оның ішінде 12 бала болған. Барлық жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылып, Қарабалық кентінің жылыту пункттеріне орналастырылды, - делінген мәліметте.
Бұл жерде құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік