Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары11 қазан күні таңғы сағат 04:29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, бес бала қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрттен үйдің шатыры опырылып түскен. ТЖД мәліметінше, өрт сағат 06:08-де оқшауланып, толығымен сөндірілді.
Шатыр опырылған кезде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылдары туған кәмелетке толмаған балалар болған.
Өкінішке қарай, үйінділерді тазарту барысында бес баланың денесі табылды. Балалардың үлкені 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін танысына кеткен, ал оның күйеуі түрмеде отыр, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар