Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚостанай облысында ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде әйелді құтқарып, 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Жітіқара қаласының 11 шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт орын алды.
Шақыру орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерге асықты. Қатты түтінге және жоғары температураға қарамастан, өрт сөндірушілер пәтер иесін тез тауып, оны далаға шығарды. Содан кейін құтқарушылар зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел медициналық қызметіне тапсырды. Сондай-ақ ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады, - делінген мәліметте.
Өрт 20 шаршы метр алаңда сөндірілді. Себебі анықталуда.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар