6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу шарасы барысында Тобыл қаласындағы патрульдік полиция қызметкерлері 2017 жылдан бері автокөлікті басқаруға құқығы жоқ 34 жастағы «Мерседес» жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz-тің мәліметінше, жүргізуші мас күйінде болған.
Тоқтаған кезінде жүргізуші алдыңғы жолаушылар орындығына ауысып, өзін жолаушы секілді көрсетті. Ал көлікте басқа ешкім болмады. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды. Бүгін жүргізушіні Қостанай аудандық соты 20 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі