Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Жітіқара ауданының прокуратурасымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп жайылымға арналған жер учаскесінде алтынды заңсыз өндіру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АШМ мәліметінше, тексеру барысында ЖШС «ауыл шаруашылығы тауар өндірісін жүргізу» мақсатымен жер учаскесіне құқық алғаны анықталды. Алайда бұл учаске топырақты жуу арқылы бағалы металдарды заңсыз өндіру үшін пайдаланылған.
Аумақты тексеру кезінде арнайы техника, металл іздегіштер және пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге арналған басқа да құралдар табылды. Сонымен қатар құнарлы топырақ қабатын жою фактісі тіркелді. Департамент 2,6 млн теңге көлемінде айыппұл салды, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ ЖШС заңсыз әрекеттер нәтижесінде бұзылған құнарлы топырақ қабатын қалпына келтіруге міндеттелген.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар