7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Қостанай облысында 5 баласы өртеніп кеткен анаға қатысты сот үкім шығарып, бес жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жітіқара аудандық сотында ҚК 292-бабының 3-бөлігімен (абайсызда 5 баланың өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралған болатын.
Сотталушы балаларын қараусыз қалдырдып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пешке от салуды тапсырған. Ұлы пеште отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жаққан. Сондай-ақ пеш жанында белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Нәтижесінде пештегі жалынның жанып, өртке айналуына себеп болды. Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды. Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді, — делінген Жетіқара аудандық сотының хабарламасында.
Сот кезінде ол өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдірген. Сонымен бірге, бас бостандығынан айырмауды өтінген. Сот айыпталушыға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
ҚК-нің 74-бабының негізінде жас баланың болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырылып отыр. Әзірге үкім заңды күшіне енген жоқ.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?