23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Рудный қаласында автобус жүргізушісі 60 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайғылы оқиға Рудный қаласындағы автовокзал маңында болған. Автобус жүргізушісі солға бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Оқиға салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша полиция жол-көлік оқиғасы фактісін тіркеп, қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті.
Полиция тұрғындарды жол ережелерін қатаң сақтауға және жол қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік