Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБұған дейін қолайсыз ауа райы себеп болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, қарлы боран мен көктайғақ салдарынан Қостанай облысының жолдарында ауыр жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелген. Шектеулер төрт облыстық және екі республикалық маңызы бар жолда енгізілді.
Тиісінше Октябрь кенті мен Әулиекөл арасындағы автожолда Ақмола облысынан келе жатқан фуралар, Камаздар, Газельдер мен автобустарды қоса алғанда 174 ауыр жүк көлігі тұрып қалған.
Мәселен, полиция қызметкерлері Қырғызстаннан Ресейге бара жатқан автобусты тоқтатты. Салонда 4 бала, 5 әйел және 42 ер адам болды. Ауа-райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысы қауіпті болып, жолаушылар жергілікті мектептің жылыту пунктіне орналастырылып, оларды сусынмен, тамақпен және түнейтін орынмен қамтамасыз етті, - делінген мәліметте.
Өңірдің Полиция департаменті жүргізушілерді жолдардың жабылуы туралы ақпаратты қадағалауға және қолайсыз ауа райы кезінде алыс сапарға шықпауға шақырады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар