10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қостанай облысының Заречный кентінде және Жетісу облысының Жаркент қаласында тағы екі білім беру ұйымы пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектептер 900 және 1200 оқушы орындарына арналған. Мұнда 100-ден астам оқу кабинеті, оның ішінде зертханалары бар физика, химия, биология кабинеттері, робототехника және STEM зертханалары бойынша сыныптар, сондай-ақ 3 спорт залы бар.
Білім беру нысандарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін де барлық жағдай жасалған: пандустар, тұтқалар, көру қабілеті төмен жандарға арналған ескерту жүйелері, таблолар мен бағдарлар орнатылған, - делінген мәліметте.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы оқу жылының басынан елімізде 82 мыңға жуық оқушы орынына арналған 30 жайлы мектеп ашылды. Оның ішінде 9 мектеп Астанада, 6 мектеп Ақмола, 3 мектеп Алматы облыстарында және екі мектептен – Атырау және Жамбыл облыстарында, бір мектептен – Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ 1 мектеп Алматы, 2 мектеп Шымкент қалаларында ашылды.
2025 жылдың соңына дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қазіргі заманғы форматтағы 217 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді