23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді түрде қадағалауды жалғастырып келеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Қостанай, Атырау облыстарында жылу және энергиямен қамтамасыз ету нысандарына тексеріс жүргізілді. Премьер-министр кеңесшілері Нұрлан Ұранхаев пен Ералы Тоғжанов жетекшілік еткен үкіметтік инспекция құрамынағы мемлекеттік бақылаушылар коммуналдық нысандардың жай-күйімен танысты.
Рудный мен Қостанай қалаларында жылу электр орталықтары мен желілерінде жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүріп жатыр және аяқталуға жақын. Қостанайдағы су тазарту құрылымдарын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.
Атырау облысында тұрғын үй қоры жылыту маусымына 80% дайын, білім беру нысандары 96%, денсаулық сақтау нысандары 90%. 723 қазандықтың 593-і (82%) алдағы жылыту маусымына дайын тұр. Атырау ЖЭО-да жылу және турбоагрегаттарды жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр, қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Сонымен қатар облыс орталығындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 601 шақырымды құрайды, тозу деңгейі орта есеппен 52%. Негізгі коммуналдық кәсіпорын 2030 жылға дейін желілерді кезең-кезеңімен жаңғырту жоспарын жасаған.
Жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік