Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚосшы қаласындағы үлестік құрылыс нысандарының бірі саналатын «Сиреневый сад» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысы таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін облыс әкімдігі мен «Ғаламат» құрылыс компаниясының арасында ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтау бойынша өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалған болатын. Компанияның атқарушы директоры Алмас Ғалимарданов «Сиреневый сад» және «Diamond Park» кешендерінің құрылысын аяқтау жоспарын ұсынды.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңында тоғыз қабатты үйдің тірек құрылымдарын тұрғызу, сыртқы қабырғалар мен арақабырғаларды кірпішпен қалау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар бес қабатты үйдің іргетасын дайындау, сынақтық қада қағу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр. Құрылыс алаңында шамамен 80 жұмысшы мен 20-дан астам техника жұмылдырылған.
Марат Ахметжанов құрылыс қарқынын жеделдету қажеттігін атап өтіп, инвесторларға туындаған мәселелерді шешуде жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, қала басшылығы мен тиісті мемлекеттік органдарға күнделікті жұмыс барысы туралы есеп беруді тапсырды.
Ұзаққа созылған құрылыс нысандарын аяқтау – өңір үшін маңызды міндет. Азаматтарды сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етіп, үлестік құрылысқа деген сенімді қайта қалпына келтіруіміз қажет. Басқа проблемалық тұрғын үй кешендерінің мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады, - деді облыс әкімі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?