13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен Ақмола облысы Қосшы қаласында көпфункциялы комьюнити-орталық ашылды. Орталықта креативті хаб жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орталықтың ашылу рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев, облыс әкімі Марат Ахметжанов және Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов қатысты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, жоба Болат Өтемұратов қорының қолдауымен іске асты. Орталықтың жалпы ауданы – 8,5 мың шаршы метр, халықаралық стандарттарға сай салынған ірі мәдени-спорттық кешен бір уақытта мың адамды қабылдай алады. Онда спорттық, білім беру және бос уақыт өткізуге арналған алаңдар бар.
Қонақтар үшін 233 орындық кинотеатр, 300 адамға арналған дәріс залы, көрме және конференция залдары, студиялар, коворкинг және оқу залы бар кітапхана қызмет етеді. Ал балалар үшін робототехника мен шахматтан бастап, хореография, қолданбалы өнерге дейінгі түрлі үйірмелер жұмыс істейді.
Айта кетсек, Қосшыдағы креативті хаб – Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылған еліміздегі 13-ші орталық.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды