Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚосшы қаласына қарасты «Лесная поляна» тұрғын алабында кезекте тұрғандар үшін пәтерлер берілетін «Ақ шаңырақ» және «Dream Park» тұрғын үй кешендеріндегі 20 пәтерде қоныс тойы жақын арада тойланады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
«Алтын ұя 2021» ЖШС құрылыс компаниясының директоры Азамат Әміржанов «Dream Park» ТК құрылысы мен әрлеу жұмыстары жоспар бойынша жүргізілгенін хабарлады. Пәтерлер таза әрленген күйінде, санфаянс және газ плиталарымен жабдықталған.
Қосшы қаласындағы 120 пәтерді сатып алуға бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлінді. Жалпы облыс бойынша осы санатқа жалпы құны 16 млрд теңгені құрайтын 840 пәтер бөлінеді, - деп атап өтті құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Азамат Байқуанышев.
Кездесу соңында өңір басшысы басты талап - тұрғын үйдің сапасы және барлық қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету екендігін, сондай-ақ ішкі әрлеу жұмысының да сапасы маңыздылығын атап өтті.
Пәтерлер тұрғын үй алатын әрбір отбасы үшін қосымша шығынсыз, бірден келіп тұра алатындай барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі тиіс, - деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Бүгiн, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс