23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстандағы танымал бағдарламалардың бірі «QosLike» жүргізушісі Диана Скатова жобамен қоштасты. Бұл туралы жүргізуші өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәл осы сәтте іштей жобамен қоштасқан шағым еді. Эфир бойы ішімдегі алай-дүлейді, қимастықты көрсетпеуге тырыстым, алайда ең соңында эмоциямды басқару қиынға соқты. Әрине, сонша жылдан соң қоштасу оңай болсын ба?! Арнамен, ұжыммен арадағы үлкен сыйластықты сақтай отырып осы шешім қабылданды. Жаңа маусым басталмайынша, бұл жайлы тіс жармадым, - деп жазды Диана Скатова.
Ол өзінің бірнеше жылдар бұрын эфирге шығып, халықтың батасын алғанын атап өткен.
Бірнеше жылдар бұрын кіп-кішкентай қыз эфирге шықты да, жылдар бойы өсті, дамыды, елдің шексіз ықыласына бөленді, халықтың батасын алды. Кәсіби маман ретінде қалыптасып, тікелей эфирдің қыр-сырын үйреніп, камера алдында әбден төселді. Жобаның маған бергеніне мен ризамын, жоба да маған риза дегенге сенгім келеді. Себебі, мен шынымен бұл жолда жанымды салып тер төктім, - деп жазды Диана Скатова.
Ал «QosLike» көрермендері мен Диана Скатованың оқырмандары бұл жаңалыққа қатты қуанбаған сыңайлы. Олар бағдарламаны Диана үшін ғана көргенін жазып жатыр.
"Иә, тіпті, қарағымыз келмей қалды", "Неге кеттіңіз?", "Дианасыз эфир қызықсыз", "Сенсіз Қосылайық қызы емес", "Сене алар емеспін", "Енді эфир қарамайтындар біз біргеміз", - деп жазып жатыр көрермендер.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады