22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕрлі-зайыпты блогер Жанабыловтардың ісіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бұл жағдай отбасы үшін ауыр тиіп, жақындары әлеуметтік желі арқылы алаңдаушылық білдіруде.
«Қоштасқандай болды»
Әулеттің келіні Айханым Жанабылова кешегі түннің ерекше ауыр өткенін айтты.
Бұл түн ең ауыр түндердің бірі болды. Белгісіздіктен бәріміз есімізден адасқандай күй кештік. Бүгін жақындарымыз үйге оралмай қала ма деп қатты алаңдадық, – деп жазды ол.
Сондай-ақ ол сотқа дейінгі кезеңнің де эмоционалды тұрғыдан ауыр болғанын атап өтті. Айтуынша, Ерболат Жанабылов таңертең үйден шығар алдында жақындарымен қоштасқандай әсер қалдырған.
Таңертең балаларды, анасын құшақтап, іштей қоштасқандай болды. Алла ешкімге мұндай сезімді бермесін. Ертең не болатынын ешкім білмейді, – деді Айханым.
Соттағы соңғы сөз және өтініш
Сот отырысында денсаулығына байланысты алдыңғы процеске қатыса алмаған Эльмира Төлегенова соңғы сөзін айтты. Ол болған жағдайға өкініш білдіріп, жеңіл жаза сұрады.
Құрметті сот, болған оқиғаға қатысты жауапкершілікті толық түсінеміз. Бұл біз үшін үлкен сабақ болды. Заң бұзғанымыз үшін шын өкінеміз. Бас бостандығымыздан айырмайтын жаза беруіңізді сұраймыз. Сондай-ақ процессуалдық келісім жасасуды өтінемін, – деді ол.
Істің мән-жайы
Айта кетейік, 2025 жылғы 15 қыркүйекте Астананың мамандандырылған ауданаралық соты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік істі қараған.
Алғашында заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша қозғалған іс тоқтатылып, материалдар қылмыстық құқықбұзушылық белгілеріне байланысты Экономикалық тергеу департаментіне жолданған.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Instagram-да 15 миллионнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыпты өз аудиториясының сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған.
Іс материалдарына сәйкес:
Келесі сот отырысы қашан өтеді
Сот барысында прокурор Олжас Хайруллаев пен қорғаушы Гаухар Айтжанова процессуалдық келісімге қатысты қосымша уақыт сұрады.
Судья Әділбек Баймаханов өтінішті қанағаттандырып, келесі сот отырысын 27 сәуірге белгіледі.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев