Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыДәстүрлі Қосанов мемориалында қазақстандық жеңіл атлеттер бірінші жарыс күнін сәтті өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алматыда жеңіл атлетикадан Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық жарыстардың бірі – XXXIV Ғұсман Қосанов Мемориалы басталды. Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар бірнеше медаль жеңіп алды.
400 метрге жүгіруден Александра Залюбовская (54.04), сырықпен секіруден Иван Товченик (5.40 м) және биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая (1.84) алтын медаль иеленді.
Күміс жүлдегерлер қатарында Виктория Ан (100 метр, 12.02), Аделина Земс (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 57.85), Әділ Омарбеков (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 52:97) және Ақбілек Құралбай (1500 метр, 4:37.0) бар.
Сондай-ақ, 4×100 метрге жүгіру эстафетасында Қазақстан ерлер құрамасы (Виталий Земс, Алмат Төлебаев, Дамил Сүтжанов және Әділ Омарбеков) күміс медальға қол жеткізді. Ал әйелдер эстафетасында Виктория Ан, Мария Ефремова, Аделина Земс пен Александра Залюбовскаядан құралған Қазақстан-1 командасы екінші орыннан көрінді. Арина Мишеева, Кристина Ермола, Валерия Сафонова мен Алина Чистякова төрттігі (Қазақстан-2) үшінші орынға көтерілді.
Турнирдің қола жүлдегерлері: Иван Иванов (ядро итеру, 19.12), Евгений Лабутов (диск лақтыру, 56.05), Надежда Богданова (ядро лақтыру, 11.38), Елнұр Мұхитдинов (400 метр, 47.50), Игорь Хрунин (1500 метр, 3:55.18).
Айта кетелік, Ғұсман Қосанов Мемориалы World Athletics Continental Tour Bronze Level санатына енген халықаралық маусымдағы маңызды жарыстардың бірі саналады. Биыл турнир 2-3 тамыз аралығында Олимпиадаға даярлау орталығында өтуде. Жалпы есебі 17 мемлекеттен 214 спортшы қатысып жатыр.
Жарыс барысында спортшылар қыркүйек айында Жапонияда өтетін әлем чемпионатына рейтингілік ұпайлар жинайды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары