Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекРесейлік үш жолаушы қос азаматтығы үшін 738 мың теңге айыппұл арқалап, елден шығарылды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ІІМ мәліметінше, Мәскеу – Қарағанды әуе рейсі ұшып келгеннен кейін қала әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған үш жолаушыны анықтап, ұстады.
Олар Ресей Федерациясының 23, 40 және 48 жастағы азаматтары болып шықты. Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырып, материалды Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады, - делінген мәліметте.
Сот шешімі бойынша шетел азаматтары 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл және бес жыл ішінде Қазақстан Республикасына кіруге шектеу қою арқылы елден тысқары шығарып жіберу түріндегі түрлі әкімшілік жазаларға тартылды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3629 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартып, оның 1077-сі сот шешімі бойынша елден шығарылды. Сонымен қатар қос азаматтығы бар 412 тұлға анықталып, олар бойынша да тиісті шаралар қабылданды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?