23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Көші-қон қызметінің қызметкерлері Абай облысы Бородулиха ауданының тұрғынын әшкереледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның қос азаматтығы бар екені анықталған
Облыстық полиция департаменті мәліметінше, тамызда құқық қорғау органдары биылғы маусымда Ресей Федерациясының азаматтығын алып, Қазақстан азаматтығы күшін жойғанын рәсімдемеген 54 жастағы ер адамды анықтады.
Сот қаулысы бойынша, құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы екінші бөлігі бойынша Қазақстан Республикасынан шығару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыдан республика азаматының төлқұжатын алып, Қазақстан азаматтығынан айырылғанын рәсімдегені нақтыланады.
Полицейлер елімізде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, тұрғындардан көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік