Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарДемократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынады. Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, Құрылтай депутаттарының сайлауында қазақстандықтардың қатысу деңгейі айтарлықтай жоғары болады деп күтілуде.
«Егер Құрылтайға (Парламентке) сайлау келесі жексенбіде өтсе, Сіз дауыс беруге барар ма едіңіз?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге ниетті екенін білдірді. Басқаша айтқанда, респонденттердің төрттен үшеуі Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға ниетті.
Әлеуметтанулық сауалнама 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында Демократия институтының қаржыландыруы негізінде жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрады. Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.
Зерттеу барысында респонденттердің электоралдық таңдаулары да зерделенді. Сауалнама қатысушыларына сайлауда қай саяси партияға дауыс беруге дайын екендері сұралды.
Сондай-ақ респонденттердің 5,5%-ы электоралдық енжарлықтанытып отыр. Оның ішінде 1,6%-ы барлығына қарсы дауыс беретінін айтса, 3,9%-ы қай партияға дауыс беретіні туралы әлі шешім қабылдамаған.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақстандықтардың электоралдық дайындығы жалпы жоғары деңгейде. Бұл азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне тұрақты қызығушылық танытатынын білдіреді және алдағы Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға деген саналы дайындығын айқын дәлелдейді.
Іріктеу Қазақстан Республикасы халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларына, атап айтқанда тұрғылықты жерінің түріне (қала/ауыл), жынысы мен жасына қарай репрезентативті. Сенімділік ықтималдығы 95% болған жағдайда іріктеменің статистикалық қателік шегі ±1,1%-дан құрайды.
Демократия институты бұл зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 шілдедегі № -11-07/ЗТ-Қ-34 хабарламасы негізінде жариялап отыр.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?