Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2023 жылы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған шығындар 610 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 37,2% артық (444,5 млрд теңге). Шығындардың ең көп көлемі Ақмола облысында тіркелді – 127,7 млрд теңге, бұл жалпы көлемнің 20,9% құрайды. Одан кейін Атырау (89,1 млрд теңге), Павлодар (59,4 млрд теңге) және Ақтөбе (51,2 млрд теңге) облыстары.
Табиғатты қорғау қызметіне жұмсалған ең төменгі шығындар Жетісу облысында – 1,5 млрд теңге. Табиғатты қорғау шығындарының едәуір үлесі (97,2%) өнеркәсіп кәсіпорындары тарапынан болған. Табиғатты қорғау қызметінің түрлері бойынша энергия үнемдеу технологияларына және энергия тиімділігін арттыруға (жаңартылатын энергия көздерін қоса алғанда) жұмсалған шығындар жалпы көлемнің 33,2% құрады, қалдықтарды басқаруда – 21,6%, атмосфералық ауаны қорғау және климат өзгеру проблемаларында – 20%.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары