23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Еліміздің танымал боксшыларының бірі Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегінің алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жәнібек әлем алдында қазақша сөйлеуден, ірі сөйлеуден ешқашан қысылмайтынын айтып, ана тілін әлем естігенін қалайтынын айтты.
Менде бәрі қазақша. Менің тілімді, менің үнімді әлем естісін! Мен елі үшін жанын берген батырлардың, ұлтының ертеңіне алаңдаған алаштықтардың ұрпағымын. Аллаға шүкір! Мен әлем алдында қазақша сөйлеуден, ірі сөйлеуден ешқашан қысылмаймын. Менің қанымда мен ұялатын нәрсе жоқ! Мен қысылып, қорқып, жалтақтап жүретін құлдық санада емеспін! Себебі мен қазақпын менің өмір стилім QAZAQ STYLE! Жеңісті күнде жүздесейік, Қазақ елі! - деп жазды ол.
Жексенбі, 14 мамырда, таңертең қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жұдырықтасады.
Әлімханұлы мен Батлер жекпе-жегі Стоктон қаласында (АҚШ, Калифорния) өтеді. Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 07:00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті тікелей эфирде "Хабар" телеарнасынан көре алады.
Алдағы жекпе-жекте қос боксшы Әлімханұлына тиесілі орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік