Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында бірінші курс курсанттары Отанына адал болуға ант берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Курсанттарды Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы полковник Қайрат Даутов құттықтады. Ол Қазақстан халқына, оның заңды сайланған Президенті мен Конституцияға адал болуға салтанатты ант беру арқылы Отан қорғаушы атағын мақтанышпен алып жүретініне сенім білдірді.
Биыл әскери институтқа 187 курсант оқуға түсіп отыр. Оның ішінде жауынгерлік даярлық пәндерінен үздік нәтиже көрсеткен 5 әскери қызметші "Срочники 2.0" бағдарламасы бойынша қабылданғанын айта кету керек.
Саналы түрде өз тағдырын әскери мамандықпен байланыстырған жастар алғашқы күннен әскери өнерді мұқият игеруге ұмтылуда.
Радиотехникалық әскерлер факультетінде оқып, сұранысқа ие мамандық аламын деп білемін. Әскери ант беру Отанға қызмет етудің қасиетті міндеті бекітілген Конституция күнін мерекелеумен тұспа-тұс келді, - деді Қарағанды қаласынан келген курсант Елдар Сағымбек.
Әскери институт әскерлерде және педагогикалық қызметте үлкен тәжірибесі бар профессорлық-оқытушылар құрамымен жасақталған. Оқу аудиториялары мен зертханалары радиотехникалық стендтермен, компьютерлік техникамен, тренажерлармен және тренажер кешендерімен жабдықталған. ЖОО-да мәдени-демалыс және спорттық-бұқаралық жұмыстарды жүргізу үшін тамаша жағдайлар жасалған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары