14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қарағандыда әскери бөлімде сарбазбен сұхбат барысында бөлім командиріне оны 10 күндік демалысқа жіберуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар барысында қорғаныс ведомствосының басшысы мекемелер мен әскери бөлімдердің инфрақұрылымының жай-күйін зерделеді. Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіров атындағы авиабазада ол өткен жылы қабылданған жойғыш ұшақтары ұшқыштарын даярлауға арналған жаңғыртылған тренажер кешенімен танысқан.
Модульдік казармаларды аралап жүріп генерал-полковник Руслан Жақсылықов мерзімді қызметтің сарбаздарымен әңгімелесті. Қатардағы жауынгер Шахман Мұратов қойылған барлық сұрақтарға нақты және дұрыс жауап бере отырып, жалпыәскери жарғылар туралы мінсіз білімін көрсетті. Міндеттерін адал әрі мінсіз атқарғаны үшін Қорғаныс министрі бөлім командиріне Шахман Мұратовқа үйіне барып келуге 10 күндік демалыс беруді тапсырды.
Бұлай болады деп ойлаған жоқпын. Анам қуанатын болды. Менің үйге баруым ерекше тосын сый болады, - деп сарбаз қуанышын жасырмады.
Мерзімді әскери қызмет өткеру үшін Шахман Мұратов университеттен академиялық демалыс алып, өткен жылдың қараша айында әскери комиссариатқа келген болатын. 31775 әскери бөлімінде ол жаяу әскер жауынгерлік машинасының жүргізуші-механигі қызметін атқарады. Демалысын үйінде ата-анасымен, әжесімен, 4 әпкесі және 2 ағасымен бірге өткіземін деп отыр.
14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды