Қор нарығында доллар қымбаттай түсті

9 Наурыз 2023, 16:35 756
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,59 теңгеге көтеріліп, 441,12 теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақытымен 12:00-де көтеріліп, 63,12 теңге (+0,08) болды.
 
Еуро мен рубль бойынша сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 467,34 теңге, рубль бағамын 5,81 теңге деп белгіледі.
 
Ақша айырбастау орындарында доллар – 443-447 теңге, еуро – 467-472 теңге, ресей рублі – 5,65-5,9 теңге аралығында саудаланып жатыр.
 
9 наурыздағы жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы 0,02%-ға көтеріліп, барреліне 82,68 доллар болды, WTI маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстері 0,01%-ға өсіп, 76,67 доллар болды.
EL.KZ
Бөлісу: