Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТалдықорғанда Жетісу облысының олимпиадалық резерв спорт мектебінің жаттықтырушысына қатысты педофилия ісі бойынша сот процесі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот үкімімен 26 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігінің 1-тармағы (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау) бойынша кінәлі деп танылды.
Сотталушы өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырумен 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, – делінген Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында
Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын айтты. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, Талдықорған қаласында самбодан жаттықтырушы, Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкері Қадыр Тенбаев14 жастағы оқушыны зорлады деп айыпталған еді.
Куәгерлердің сөзінше, ер адам жасөспіріммен бірге қонақ үй бөлмесіне көтерілген. Біртүрлі дыбыстарды естіген техникалық қызметкер бірден қонақ үй әкімшісіне хабарласқан. Ал ол өз кезегінде полиция шақыртқан.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?