Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда Дінмұхамед Қонаевтың өмір және еңбек шежіресі жөнінде кітабы жарыққа шықты, деп хабарлайды El.kz.
Жаңа жинаққа бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен қолжазбалар, естеліктер кірген. Туынды Қонаевтың экономиканы, ғылым мен мәдениетті ілгерілетуге қосқан үлесін баяндайды. Жинақты құрастырушы филология ғылымдарының кандидаты Диар Қонаев барлық материалдардың хронологиясы сақталғандығын айтады. Бұл кітапта 1912 -1945 жылдар аралығын қамтылған.
"Кітап шығару туралы осыдан 4 жыл бұрын ойлана бастадым. Кітап болғанда Дінмұхамед Ахметұлының туғаннан бастап, өмірден озғанға дейінгі өмірі мен еңбек жолын қамтығым келді. Міне, бірінші жинақ көпшікке жол тартты. Онда Балқаш пен Риддерде қалай жұмыс істегені, басшылық қызметке тағайындалуына қатысты және ел экономикасын дамытуға байланысты қызықты мәліметтер бар. Бұған қатысты құжаттар өте көп. Әлі 4 томға жетеді", - дейді филология ғылымдарының кандидаты Диар Қонаев.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары