Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұған дейін әлеуметтік желілерде кәріз-сорғы станцияларын жаңарту бойынша жалған ақпарат тарады. Онда мердігер жұмысты мерзімінен кешіктіріп жатқаны, мердігерге 12 млрд теңгеден астам ақша төленіп қойғаны, сондай-ақ нысандар қолданысқа беруге дайын емес екені жазылған. Осыған байланысты Қонаев қаласының әкімдігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қонаев әкімдігіне сілтеме жасап.
ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, 2023 жылдың қазан айынан Қонаев қаласында 11 кәріз-сорғы станцияларын жаңарту жұмыстары басталды. Бұл жоба қалалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар Қонаевта ғимараттар мен тұрғын үй алаптарының көбеюіне байланысты тозығы жеткен сорғыларға артық жүктеме түсіп, апат болмауы үшін жасалған.
Мердігер «TOLAGAI-2050» компаниясымен келісімшартқа қол қойылған. Жұмыс кестесіне сәйкес, нысан 2025 жылдың наурызында қолданысқа беріледі деп көзделуде. Құрылыс жұмыстарының уақытылы жүруі қала әкімі Асхат Бердіхановтың жеке бақылауында.
Ұлттық қордан бөлінген 12 млрд 687 мың теңгенің 391 млн. теңгеден астамы әлі игерілмеген, мердігердің шотына жіберілмеген.
Қазіргі таңда жалпы 22 дана сорғының жартысынан көбі орнатылған, электр желілері тартылған. 28 шақырымнан астам құбырдың 26,5 шақырымы жүргізілген. Сондай-ақ жер жұмыстары, қасбеттерді жөндеу жұмыстары жасалуда.
Бөлінген қаржының сомасына қатысты
Мұның себебі – құрылыс материалдарының қымбат болуында. 1 кәріз сорғысының құны 50-60 млн теңгені құрайды. Ал 11 сорғы станциясына кем дегенде 2-3 данадан қою қажет. Бұдан бөлек, құбырларды тарту, жерді жару, мамандардың еңбекақысы, құрылыс материалдарын сатып алу деген сияқты жұмыстары тағы бар.
Видеоның кадрында апатты жағдай көрсетілген
Видеоларда кейбір сорғы станциялары кәріз суларына толып кеткені көрсетілген. Бұл апаттар бірден жойылды. Қазір 11 сорғы станциясы қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Бүгінде басқа да ғимараттарды, тұрғын үйлерді кәріз суы алып кету қаупі жоқ.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?