Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПолицейлер Қонаев қаласындағы демалыс базасында болған оқиғаның мән-жайын анықтауда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
8 сәуірде сағат 19:03-те Қонаев қалалық полиция басқармасына қалалық ауруханадан түрлі дене жарақаттары бар үш ер адамның түскені туралы хабарлама келіп түсті.
Осы хабарлама бойынша Қонаев қаласы ПБ СДТБТ-да ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі 1-тармағында «Бұзақылық» көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Тергеу барысында зардап шеккендер Қапшағай су қоймасының жағасына ұжымдық демалысқа келіп, жеке аумаққа заңсыз кіргені анықталды. 1986 жылғы Г. есімді аймақтың меншік иесі мен жұмысшылары ер адамдармен ауызша жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан.
Оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Оқиғаға қатысушылары мән-жайды анықтау және оның қатысушыларының іс-әрекетін құқықтық бағалау үшін полиция басқармасына жеткізілді.
Іс бойынша сотқа дейінгі тергеудің толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?