Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚонаев қаласының 55 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлік пен келісім» татар және башқұрт мәдениеті фестивалі аясында "Алма бәліші" мерекесі өтті. Іс-шарада әтүрлі ұлт өкілдері 30 метрлік алма бәлішін пісіріп, қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тәтті тағам – татулық пен бірліктің, еңбексүйгіштік пен қонақжайлылықтың белгісі.
Шара барысында этномәдени бірлестіктердің қатысуымен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, халық шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылды. Қолөнер шеберлері өздерінің бай мәдени мұрасын көпшілік назарына ұсынды.
Мереке соңында белсенді қатысушылар мен ұйымдастырушылар марапатталып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, Қырғызстаннан келген «Дослук» халық ансамблі мен Жетісу облысының «Алтын жас» әжелер ансамблі өз өнерлерін паш етіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, Қонаевта қала күніне орай орталық саябақтың спорт алаңында жарыстар ұйымдастырылды. Келушілер асық ату, қол күрес, тоғызқұмалақ сынды қазақтың ұлттық ойындары мен волейбол, футбол, үстел ойындарынан өзара сынға түсті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары