20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Тәртіпті өзіңнен баста» акциясы аясында Қонаев қаласының прокуратурасы білім бөлімімен бірлесіп, бірнеше оқу орнында 9-11 сынып оқушыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, кездесулер Ақөзек ауылындағы №10 орта мектепте, Қонаев қаласы Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектеп, Қонаев қаласындағы Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектеп, Қонаев қаласындағы №3 орта мектеп, Қонаев қаласындағы Орта мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды.
Суреттер: Бексұлтан Тәліпбай
Іс-шаралар жастарды құқықтық сауаттандыруға, құқық бұзушылықтың, лудоманияның, нашақорлықтың және басқа да жағымсыз құбылыстардың алдын алуға бағытталған. Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, оқушылар өзекті сұрақтарына жауап алды.
Оқушылар алдында прокуратура ардагерлері, адвокаттар және құқық саласының басқа да мамандары сөз сөйлеп, өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттердің салдары туралы айтты.
Қала прокуратурасы жастарды құқықтық тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыру және олардың өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?