6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚонаев қаласында Мемлекеттік Туды 55 метрлік тұғырға көтеру салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елдік пен Тәуелсіздіктің символына айналған бұл рәсім Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналды.
Іс-шара Мемлекеттік Туды алып кіруден және Әнұранды орындаудан басталды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, Конституцияның ел тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі екенін атап өтті.
Өз сөзінде өңір басшысы:
"Ата Заңымыз – Тәуелсіз Қазақстанның даму бағдары мен тұрақтылығының кепілі. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты артып, әлеуметтік қорғау жүйесі нығайды, азаматтардың құқықтық мәдениеті қалыптасты. Алматы облысы да тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қонаев қаласының жаңа мәртебесі мен Алатау қаласының құрылуы – өңір дамуының айқын дәлелі", – деп атап өтті.
Мерекеге орай 28 тұрғын марапатталды. Олардың ішінде "Қазақстан Конституциясына 30 жыл" мерекелік медалі иегерлері, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болған азаматтар бар.
Жалпы Алматы облысында Конституцияның 30 жылдығына арналған 180-нен астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 30 мыңға жуық адам қатысты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі