2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрСенатор Жанболат Жөргенбаев ҚР Премьер-министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында Қонаев қаласы тұрғындарының мәселелерін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Депутаттың айтуынша, тазарту құрылғыларының тозуына байланысты ағынды сулар облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін Қапшағай су қоймасына құйылуы мүмкін. Бұл үлкен экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.
"Қонаев қаласының кәріз суларын тазарту жүйесі 1968 жылы пайдалануға берілді, қазіргі уақытта бұл ғимараттар мен құрылғылардың барлығы 100 пайыз тозған. Қапшағайдағы және Балқаш көлінің төменгі ағысындағы су ластанса, бұл үлкен экологиялық апатқа айналады. Қазіргі жағдайда Қонаев қаласының аумағында техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жарияланды. Қалалық тазарту жүйелерін қалпына келтіруге тез арада қаражат бөлу қажет деп санаймын", - деді сенатор Жанболат Жөргенбаев.
Депутат өз сауалында саяжай тұрғындарының мәселелеріне де көтерді. Оның айтуынша, Алматы іргесіндегі саяжайларда шешілмеген мәселе көп. Мәселен, әлеуметтік нысандардың жоқтығы, жолдардың нашарлығы, ауыз судың сапасыздығы, электр қуатының жиі үзілуі, қоғамдық көліктің жетіспеушілігі сынды.
Сонымен қатар, сенатор Қонаевтан теміржол бағыттарын ашу, қолданыстағы облысішілік автомобиль жолдарын кеңейту, автостансалар мен автовокзалдар салудың маңыздылығын атап өтті.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова