23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматы облысы Қонаев қаласында "Туымыз төрімізде" атты патриоттық сезімге толы мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.
Салтанатты шара облыс әкімінің қатысуымен ту шығару рәсімімен басталды.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің бапасөз қызметі
Көк туды желбіреткен автошеру орталық алаңға келді. Орталық алаңда қала тұрғындарының, жастардың қатысуымен әнұран шырқалып, өнер жұлдыздарының патриоттық әндері әуеледі. Әскерлер ұстаған 40 метрлік алып ту шараның ажарына ажар қосты.
Сонымен қатар, парашютшілер аспаннан ту ұстап секіріп, көк туымыз зәулім биікте желбіреді.
Мәдени шара барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы бірқатар үздік қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады