23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанадағы Қонаев көшесінің бір бөлігі 19 ақпаннан бастап жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында, сол сияқты жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіздік пен ыңғайлылықтың заманауи стандарттарын ескере отырып, Қонаев көшесіндегі «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін реконструкциялауды жалғастыру жоспарланып отыр.
Осыған байланысты Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша осы жылдың 19 ақпанынан 30 қазанына дейін Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес Достық және Сарайшық көшелерімен қамтамасыз етілетін болады, - делінген мәліметте.
Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады