Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанда демалыс пен мәдениет саласындағы қызметтердің бағасы кейінгі бір жылда айтарлықтай қымбаттады.
Мәселен, 2026 жылдың наурыз айындағы мәлімет бойынша осы бағыттағы қызметтер орта есеппен 13,2%-ға өскен. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы инфляция деңгейінен де жоғары. Себебі сол кезеңде инфляция 11% болса, ақылы қызметтердің орташа өсімі 10% шамасында болған.
Кейінгі жылдары Қазақстанда ішкі туризм қарқынды дамып келеді. Сарапшылардың айтуынша, өткен жылы қонақүйлер, демалыс орындары мен туристерді қабылдайтын басқа да нысандар шамамен 8,7 миллион адамға қызмет көрсеткен. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Яғни, шетелге шығу мүмкіндігі болмаған немесе үнемдеуді қалайтын көптеген қазақстандық үшін ел ішінде демалу толыққанды баламаға айналған.
Алайда сұраныс артқан сайын баға да өсіп жатыр. Демалыс пен мәдениет саласындағы қызметтердің қымбаттауы әр бағытта әртүрлі деңгейде байқалады. Мысалы, бассейнге жазылу құны бір жылда 15,8%-ға өскен. Кинотеатр билеттері 17,5%-ға қымбаттаған. Ал театр қызметтері тіпті айтарлықтай өсіп, бірден 41,1%-ға көтерілген. Қонақүй қызметтері салыстырмалы түрде тұрақтырақ болып, 9,5% өсім көрсеткен.
Жалпы алғанда, қазіргі бағаларды 2020 жылдың желтоқсан айымен салыстырсақ, демалыс пен мәдениет саласындағы қызметтер бірден 88,3%-ға қымбаттағаны байқалады. Бұл ел ішіндегі туризм дамығанымен, оның қолжетімділігі біртіндеп төмендеп бара жатқанын көрсетеді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады