23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қоры құнды мұрамен толықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Ұлыбритания елшілігі орталыққа Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасында сақталған «MS. Arab. c. 90» шифрлы қолжазбаның 44a парағындағы Орталық Азия картасының көшірмесін тапсырды. Бұл артефакт XI ғасырдағы космология мен географияға арналған «Китаб гараиб әл-фунун уа мулях әл-уюн» («Ғылымдардың ғажайыптары мен көз сүйсінерлік нәрселер кітабы») атты анонимді еңбектің жалғыз белгілі нұсқасы саналады.
Зерттеушілердің пайымдауынша, қолжазба XII ғасырдың соңы мен XIII ғасырдың басында Мысырда жазылған. Картада басқа нысандармен қатар қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан Жанкент қаласы бейнеленген, ол араб жазуында «Әл-кария әл-хадиса» («Жаңа қала») деп аталған. Жанкент VIII–XI ғасырлар аралығында оғыз мемлекетінің астанасы болғаны белгілі. Сонымен қатар картаға оңтүстік өңіріндегі негізгі және маңызды қалалар енгізілген.
Қолжазба 2002 жылы қайырымдылық ұйымдарының қолдауымен сатып алынып, кейіннен толық цифрландырылып, ортағасырлық ислам географиясы мен кітап өнерін зерттеуге арналған құнды ресурсқа айналған.
XI ғасырдың картасы Орта Азия мен Қазақстан аумағын қамти отырып ғылыми, мәдени және ұлттық маңызы зор бірегей тарихи-географиялық дереккөзге айналып отыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады