Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҮкімет отырысынан кейінгі кулуарда ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерге арналған жатақхана мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр Алматы қаласында студенттерге 12 мың орын тапшы екенін айтты.
Астана, Алматы және Шымкент қаласында арнайы резервтік қорлар пысықталды. Яғни жатақханасыз қалған студенттерге біз бөлек 50-60 шақты орындарды дайындап қойдық. Алматы қаласында арнайы ахуалдық орталық ашылды. Сондай-ақ әр оқу орнының негізінде ахуалдық орталықтар ашылды, – деді Саясат Нұрбек.
Оның сөзінше, ең көп тапшылық басқа қалалармен салыстырғанда Алматы қаласында. Министр мәселе бойынша қазіргі таңда жергілікті әкімдікпен байланыста екенін атап өтті.
Басқа өңірлерде тапшылық жоқ, жағдай, керісінше, болып жатыр. Қазіргі таңда Алматы қаласының оқу орындары 100-ге жуық хостелмен келісімшартқа отырды. Яғни университеттер арнайы қор жасап жатыр. Сондықтан мәселе толығымен шешілді деп айтуға болмайды. Мәселе 2-3 жылдың ішінде шешілуі тиіс, – деді ведомство басшысы.
Бұған дейін желіде Алматыда далада түнеп жатқан студенттердің видеосы тараған болатын.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар