Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚуандық Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов сот отырысында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ол қайғылы оқиға болған күні Салтанат Нүкенованы бірнеше рет көргенін мәлімдеді. Сонымен қатар, Бишімбаевтың мейрамхана ашық болғанына қатысты бірнеше рет айқайлағанын жеткізді.
Ол мейрамхананың жабылуын талап етті, алайда себебін айтпады. Бишімбаевпен ешқашан дауласқан емеспін, оның нұсқауларына қарсы шықпағанмын. Салтанатты соңғы рет көргенімде орнынан тұрып, қолымды қатты қысты. Ол тірі еді, оның қашан өлгенін білмеймін, - деді Байжанов.
Сондай-ақ, ол Бишімбаевтың жазбаны алып тастауға бұйрық бергенін мойындады.
Бұған дейін, Нүкенованың өлім себебін зерттеген сарапшы қазақстандықтарға алғыс айтқанын хабарлаған едік.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді