Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖетісулық қолөнершілер - Шәмен әулеті бүгін сайлауда белсенділік көрсетті. Сайлау учаскесіне ұлттық дәстүрімізді дәріптеп, рухани жаңғыру жолында талмай еңбек етіп жүрген әулетті отағасы Жұманұр Шәмен бастап келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сайлауға отбасымызбен белсене қатысамыз деп нақты шешім қабылдадық. Себебі қоғамдық өзгертуге әрбір азамат атсалысуы тиіс. Ол осындай маңызды науқандарда өз таңдауыңды жасаудан айқын көрінеді», - дейді шебер.
Ескелді ауданында тұратын Жұманұр Шәмен қолөнер ісіне өз балаларын, басқа да шәкірттерін баулып келе жатқанын айтады. Әулетіне қолөнерге үйірлік әкесінен дарыған екен. Отбасы қазір ағаштан түрлі бұйымдар жасау ісін жалғастырып келеді. Домбыра, астау, сандық сияқты түрлі бұйымдар жасауға ұлы қолғабыс етсе, қыздары дизайн жағынан көмекші. Жұбайы да көрпе, төсек жабдықтарын тігумен айналысады. Қысқаша айтқанда, Шәмен отбасының барлық мүшесін түгелдей қолөнер шебері деуге болады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек