Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандықтардың 28,4 пайызы жұлдыз жорамалға, астрологиялық болжамдарға және нумерологияға сенеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама қорытындысына сәйкес, эзотерикаға сенетін респонденттердің басым бөлігі Шымкент, Түркістан облысы, ШҚР, СҚО, Ақмола облысы және Астанада тұрады. Ал әлеуметтік-кәсіби топ бойынша зерттеу олардың ең үлкен бөлігін үй шаруашылығындағы әйелдер (35,8%) құрайтынын көрсеткен. Кейінгі орындарда қоғамдық (34,6%) және бюджеттік (30,8%) ұйымдарда жұмыс істейтіндер тұр.
Әйелдер (36,8%) ерлерге (17,4%) қарағанда жұлдыз жорамалға әлдеқайда көбірек сенеді және жай ғана сенім қоймайды, олар астролог, нумерологтардың ақыл-кеңесіне жүгінеді. Әрбір алтыншы респондент (15,9%) осындай сала өкілдерінің қызметіне өмірінде ең кемі бір рет жүгінген. Бұл астролог, жұлдыз жорамалшы сияқты түрлі болжам жасайтын сала өкілдерінің әлі де қоғамда өзектілігін жоймағанын көрсетеді, – делінген Қоғамдық саясат институтының хабарламасында.
Ал сарапшылар болашақта болжам жасау қызметі жасанды интеллектінің көмегімен даму түсетінін айтып отыр.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?